«Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 354-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35906 тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды».