Введите номер документа
Прайс-лист

«Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 434 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 26 июня 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 1 августа 2019
Дата последнего изменениясреда, 26 июня 2019

«Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 434 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінің № 8 (28232) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тестіні (тестілеу жүйесін) таңдауды ИКАО тілдерді білімді бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейі туралы біліктілік белгісін алуға жататын әрбір маманның өзі таңдайды. Бұл ретте тестіні (тестілеу жүйесін) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) мақұлдайды.»;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Тест алушы ұйымның қызметі уәкілетті ұйымның осы Қағидалардың нормаларын сәйкестігіне келісу рәсімін жүргізуін талап етеді.

14. Тест алушы ұйымның филиалдары немесе өкілдері уәкілетті ұйымның дәл осындай келісу рәсімінен өтеді.»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Радиотелефон байланысын жүзеге асыратын авиациялық персоналды тестілеу жөніндегі нұсқау келісіледі, ал тест алушы топтың қатысушылары туралы біліктілік ақпараты бар тізімі қоса берілген Қосымша тестіні (тестілеу жүйесін) келісу рәсімін өткізгенге дейін, уәкілетті ұйыммен бекітіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом