Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 2 шілдедегі
№ 527 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(2024 жыл 4 шілде Астана қ.,)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ШЫҰ) мүше мемлекеттердің үкіметтері,
қоршаған ортаны сақтау және табиғи ресурстарды орнықты пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мен одан әрі ілгерілетудің өзара мүддесіне сүйене отырып,
экологиялық апаттардың, қоршаған ортаның тозуының алдын алу үшін, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында қоршаған ортаның орнықты жай-күйін қамтамасыз ету үшін қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып,
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететініне сенімді бола отырып,
2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясын және 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартын, сондай-ақ ШЫҰ-да қабылданған қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжаттардың ережелерін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім шеңберінде ынтымақтастық мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) атмосфералық ауаны ластанудан қорғау;
2) суды ластанудан қорғау;
3) биологиялық әралуандықты сақтау;
4) шөлейттенумен және топырақтың деградациясымен күрес;
5) қорғалатын аумақтар (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорғалатын табиғи аумақтар) саласындағы өзара іс-қимылды дамыту;
6) қауіпті қалдықтарды экологиялық басқару;
7) климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды дамыту;
8) орманды қорғау және орман ресурстарын орнықты пайдалану;