«Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 339 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16897 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: