«Электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 110/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 606/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 110/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34101 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) SYNAQ интернет-порталы - «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау бойынша қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған мемлекеттік техникалық қызметтің интернет-порталы.».
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ЭҮБР жұмыс істеуін қамтамасыз етуді мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: