«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 867 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
139-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Бюджет кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (әрі қарай - ӘҚБК), республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетін түсімдер ҚР ББС кірістер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 606-2-тармақпен толықтырылсын:
«606-2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік кредиттер беру шарттары мен рәсімдерін бұзуы ӘҚБК-ге сәйкес айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 621-1-тармақпен толықтырылсын:
«621-1. Қосымша келісім жасасқан кезде Кредит шартының сомасы мынадай жағдайларда түзетіледі:
1) мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредитті қайтару;
2) бюджеттік кредиттің пайдаланылмаған бөлігін қайтару;
3) тиісті бюджетті тиісті нақтылау не түзету шеңберінде бөлінген бюджеттік кредиттерді қайта бөлу, ұлғайту не азайту.