Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 554 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 235 285 417,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 36 213 275 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 567 268 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансфертер түсімі - 196 504 874,9 мың теңге;
2) шығындар - 241 711 179 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 36 895 375,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 48 203 345 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 307 969,2 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -43 321 136,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 43 321 136,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 47 943 023 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 637 992,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 016 106 мың теңге.»;
11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: