«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 251 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақта:
«Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы» деген бөлімде:
«іске асырылатын» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;»;
«Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы» деген бөлімде:
«іске асырылатын» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;»;
«Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы» деген бөлімде:
«іске асыру» деген кіші бөлімде:
«Азаматттық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру» деген он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: