Ақмола облысында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 136 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 571/НҚ бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2026 ж. 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Ақмола облысында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырсын.
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне:
1) пилоттық жобаны жүргізудің іске асырылуын және тұрақты мониторингін;
2) пилоттық жобаны іске асыру барысында туындаған проблемалық мәселелер туралы ақпаратты олардың анықталған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына:
1) әлеуметтік қызметтер порталына электрондық кезекті енгізуді;