«Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2025 жылғы 29 шілдедегі № 23 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35090 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
17-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақ алынып тасталсын;
29-тармақ алынып тасталсын;
36-тармақ алынып тасталсын;
47-тармақ алынып тасталсын;
5-тарауда 6 және 7-параграфтардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: