«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 16/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 12. | 00101004 | ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау | | Қорғанысмині | «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелді. |
»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 13. | 00101005 | ҚР ҚМ әскери оқу орындарына қайта қабылдау | | Қорғанысмині | «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13239 болып тіркелді. |
»;
35-1 және 35-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 35-1. | 00102006-1 | Мұнаймен ластанудан келтірілген залал үшін сақтандыру немесе азаматтық жауапкершілікті өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру | | КМ | |