ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
ҚР Қаржы министрінің 2026.02.02. № 69 бұйрығымен оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (2026 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына
1-қосымша
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
(2026.17.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесімен электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.