«Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 шілдедегі № 46-3 шешімі
Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5136 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Байзақ ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;