ҚР Энергетика министрінің 2016.21.01. № 19 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.15.03. № 96 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2018.27.12. № 537 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен күші жойылды
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері порталға жүгінген кезден бастап:
ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінімді тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
рұқсатты қайта ресімдеу - 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушының өтінімін тіркеген кезден бастап ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін ұсынылған құжаттардың толық болуын 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.