«Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға қолдау көрсету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 28 бұйрығы
Халыққа, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, қаржылық жағдайды қалпына келтіру және банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің туындау жағдайларын болдырмау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға қолдау көрсету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кредиттік ұйымдар төтенше жағдай кезеңінде қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы немесе келтірілген зиян туралы ақпарат болған кезде қарыз алушының банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұруды (бұдан әрі - кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру) жүзеге асырады.
Кредиттік ұйым қарыз алушының кредиті бойынша 2022 жылғы 5 қаңтар - 2022 жылғы 5 сәуір аралығындағы кезеңде төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады. Қарыз алушының және кредиттік ұйымның өзара келісімі бойынша ақы төлеуді кейінге қалдырудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.»;
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: