«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 1176 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:
мынадай мазмұндағы 171-5-тармақпен толықтырылсын:
«171-5. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 «Жаңа объектілер салу және қолда бар объектілерді реконструкциялау» ерекшелігі бойынша мердігер ұйымның шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес аванстық төлемді тиісті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Астанада жылу электр орталықтарын салу үшін ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 75 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде шарттар жасалған өнім берушілерге қолданылмайды.»;
188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«188. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз жеткізгіште 2 данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз жеткізгіштегі көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.