Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 наурыздағы № 17-1 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204 093 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 459 734 257 мың теңге:
салықтық түсімдер - 127 017 445 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 993 158 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 36 055 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 330 687 599 мың теңге;
2) шығындар - 461 612 455 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 28 578 326 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 43 058 487 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 480 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 30 456 524 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 30 456 524 мың теңге:
қарыздар түсімі - 37 912 247 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 12 657 865 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 202 142 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 6, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 26-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:
1) 2025 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер ескерілсін:
ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;