«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-33 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбеде:
«Ересектерге арналган міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар» деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар |
| Қан айналым жүйесінің аурулары |
| 1 | I20- I25 | Жүректің ишемиялық ауруы | Динамикалық бақылауда тұрған зейнетақы төлемдерін алушы ересек адамдар | Коронарлық тамырларды стенттеуден, аортокоронарлық шунттеуден, миокард инфарктісінен кейінгі науқастар. Кернеу стенокардиясы ІІІ-ІV ФК | Клопидогрел, таблетка | B01AC04 |
| Ацетилсалицил қышқылы, таблетка | B01AC06 |
| Тикагрелор, таблетка | B01AC24 |
| Нитроглицерин, тіл астына себілетін аэрозоль, тіл астына себілетін дозаланған спрей, тіл астына салынатын таблетка | C01DA02 |
| Изосорбида динитрат, спрей, таблетка | C01DA08 |
| Бисопролол, таблетка | C07AB07 |
| Амлодипин, таблетка | C08CA01 |
| Аторвастатин, таблетка | C10AA05 |