2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің
темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс
мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Душанбе қ., 2015 жыл 15 қыркүйек)
ҚР 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 497-V Заңымен ратификацияланды
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға және оның үздіксіз қолданысын қамтамасызетуге деген ұмтылысын негізге ала отырып,
Келісімнің 24-бабында айқындалған оның қолданыс мерзімінің 2016 жылғы 23 қаңтарда аяқталатындығын түсіне отырып,
Келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін ескере отырып,төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Келісімнің қолданысы 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың қолданылу мерзіміне ұзартылсын.
2-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап
Тараптар темір жолдарды техникалық бүркемелеу және қалпына келтіру іс-шараларын жоспарлау мен жүзеге асыруды, осы Келісімді орындау мен Тараптардың теміржол әскерлері мен арнайы құралымдарын қолдану туралы Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) шешімдерін іске асыруды үйлестіруді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жүктейді.».
2. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап