«Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министірінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 310 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 530 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 310 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 39132 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздерінде:
2-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жобалау құжаттамасы - жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттардың жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:
абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;
қала құрылысы жобалары - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысын жоспарлаудың шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту мен салудың схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары);