«Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 451 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларында:
4-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға формулярды жоғалтуына, жарамдық мерзімінің аяқталуына, некеге тұру, бұзу бойынша тегін ауыстыруына, одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалуына, құжаттарының түрлерінің өзгеруіне, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуына байланысты паспортын және (немесе) жеке куәлігін ауыстырған, туу туралы куәліктің негізінде кәмелетке толмаған балалар бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алған жағдайда құжатталушы адамның тұрақты тіркелу орны, сондай-ақ оның нақты болған орны бойынша уәкілетті қызметкер толтырады.»;
жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: