«Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 736 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізшілерге диплом беру қағидаларында:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) кәсіби дипломды бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда өтініш берушіге Теңізшілерге диплом беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүргізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарланады.
Комиссияның құрамы, сондай-ақ оның ережесі Порттың теңіз әкімшілігі басшысының шешімімен бекітіледі.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 25-74-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Кәсіби дипломды беру Комиссияның оң шешімі шыққаннан кейін жүзеге асырылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: