«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 720 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10), 9-11), 9-12), 9-13), 9-14), 9-15), 9-16), 9-17), 9-18), 9-19), 9-20), 9-21), 9-22), 9-23), 9-24) және 175-23) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады;
9-2) жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді;
9-3) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес ведомстволық бағынысты объектілерді қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады;
9-4) әскери басқару органдарынан алынған ақпарат негізінде халыққа қауіпсіздікке төнген тікелей қатер туралы күні бұрын хабар беруді және құлақтандыруды қамтамасыз етеді;
9-5) орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, эвакуациялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;
9-6) азаматтық қорғау органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді;
9-7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қатынас жолдарын техникалық бүркемелеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
9-8) әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысады;