«Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 21/137 шешімі
Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4702-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 қосымшада:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір рет ақшалай нысанда келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;