«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 116 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызмет осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) спортшылар мен жаттықтырушыларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына (портал арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Мемлекеттік корпорациясы, Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: