Введите номер документа
Прайс-лист

«Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 50 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 27 февраля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 28 марта 2023
Дата последнего измененияпонедельник, 27 февраля 2023

«Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 50 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу тәртібін айқындайды.

2. Қағидалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.

ТКОБКБ ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді ТКОБКБ ұйымдары конкурстық негізде орындарды бөлу қорытындылары бойынша арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады.

Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ТКОБКБ ұйымдарының ресми сайттарында орналастырылады.»;

2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2-1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) ТКОБКБ ұйымдары;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом