Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТ...

Информация о документе
Датасуббота, 30 июля 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 30 июля 2016

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 Қаулысы

(2016.30.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазҰТЗУ» КеАҚ) құрылсын.

2. «ҚазҰТЗУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи ғылыми инфрақұрылымды құру және ғылыми әзірлемелерді енгізу болып айқындалсын.

3. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Парасат» АҚ) «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» (бұдан әрі - «ҒТО» АҚ), «Ғылым орталығы» және «Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» (бұдан әрі - «ҰСҚжЗО» АҚ) акционерлік қоғамдарына бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. Мыналар:

1) «ҒТО» АҚ қызметінің негізгі нысанасы - ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік құқығын іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу; ғылыми-технологиялық дамуға және ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық қолдануға қолайлы жағдайлар жасау;

2) «Ғылым орталығы» АҚ қызметінің негізгі нысанасы - акциялар пакеттері (жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері) жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу мақсатында «Ғылым орталығы» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғаларды басқару, заманауи ғылыми инфрақұрылым жасау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом