ҚР Әділет министрінің 2024.27.12. № 1062 бұйрығымен 30-қосымшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
30-қосымша
Сот-биологиялық (медициналық), медициналық-криминалистикалық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамалар, сот-жалпысараптамалық зерттеулер бойынша
кәсіптік стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес осы «Сот-медициналық сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді және сот-сараптама қызметі саласындағы сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер, анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы (верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін);
4) медициналық-криминалистикалық сараптамасының мәні — жалпы сот медицинасы саласындағы білімдерден басқа, криминалистикалық сәйкестендіру саласындағы арнайы ғылыми танымды және зерттеудің әртүрлі арнайы зертханалық әдістерін (физикалық, фотографиялық, техникалық, химиялық, математикалық) қолдануды талап ететін фактілерді анықтау және бағалау;
5) медициналық-криминалистикалық сараптамасының объектілері - шығу көзі адамның денесі және оның органдары болып табылатын, сараптаманы тағайындаған адам ұсынатын заттай дәлелдемелер мен биологиялық объектілер, басқа бөлімшелердің сот-медициналық сарапшылары жіберетін заттай дәлелдемелер мен биологиялық объектілер;