Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 116 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.04.09. № 557 бұйрығымен (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.09.10. № 619 бұйрығымен (2023 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.10.02. № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.12.03. № 145 бұйрығымен (2024 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.31.12. № 176 бұйрығымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақы төлеу акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып, клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтер;