Осы редакция 2017 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
13-қосымша
«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші оларды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қарауға тиіс.
Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк 14 (он төрт) күн iшiнде жүзеге асырады.
Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын бірмезгілде тіркеумен облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi көрсетілетін қызметті беруші оларды берген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарауға тиіс.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.