«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № ҚР ДСМ-54/2020 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «103» нөміріне қоңырау соғады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.