Осы редакция 2015 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
1-қосымша
«Бiр немесе бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты тауар
таңбасына арналған куәлiктi алу құқығын басқаға берутуралы шартты тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бiр немесе бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты тауар таңбасына арналған куәлiктi алу құқығын басқаға берутуралы шартты тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Бiр немесе бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты тауар таңбасына арналған куәлiктi алу құқығын басқаға беру туралы шартты тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырылған сәттен бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсынылсын немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін деген ұсыныспен сұрау жіберіледі. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут;