Осы редакция 2017 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.20.01 № 21 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
16-қосымша
«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және
ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.16.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.02. № 71 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.02. № 71 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)