Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 7 Нормативтік қаулысы
(2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерін тағайындау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының өзгеруіне байланысты және заңның дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс анықтау жазаның мақсатына қол жеткізу үшін маңызды және жасалған қылмыстың ауырлығын, қылмыскердің жеке басын, оның жасы мен жынысын ескере отырып, жазаның жеке орындалуын қамтамасыз етеді. Соттар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын өтейтін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін тағайындау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 46, 81-баптарының ережелерін қатаң басшылыққа алуы қажет.
Осы орайда заң қандай да болмасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін соттың қалауы бойынша тағайындауға мүмкіндік бермейтінін назарда ұстаған жөн.
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2020.11.12. № 6 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне:
жазаның мерзіміне қарамастан, абайсызда жасалған қылмыстары үшін;