«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 65/02 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 42/01 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 235 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 15389 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3765 болып тіркелген 2016 жылғы 13 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 57-58 (22002- 22003) «Индустриальная Караганда» газетінде және 2016 жылғы 12 мамырдағы № 76 (22181) «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: