ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.14.10. № 169 Қаулысымен алып тасталды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
1-қосымша
«Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын туралы хабарламаны растау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
«Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қағаз жеткізгіштегі хабарлама туралы куәлік.
Егер валюталық операцияға «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына сәйкес хабарлау режімі қолданылмаса, көрсетілетін қызметті алушыға түсіндіру сипатындағы хат жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды кері қайтару себептері көрсетілген еркін нысандағы жазбаша өтінішті беруі арқылы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кері қайтаруға жол беріледі.