«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 316 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 193 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 527-532 (27605) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) өз әрекетін квоталар бірліктеріне және ішкі азайту бірліктеріне қолданады және келесіні қамтитын парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін анықтайды:
1) Меншік және сауда объектісі ретіндегі квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;
2) Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен мәмілелер бойынша сауда жасау мен есептеулерді ұйымдастыру;
3) Квоталардың бастапқы сатылуын ұйымдастыру;
4) Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру;
5) Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы іске асыру.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: