Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен шарттың негізінде бөлінген активтердің құрамына кіретін бөлінген активтерді және ақшаны инвестициялауды мына қаржы құралдарында жүзеге асыратынын белгілесін:
1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберуге рұқсат берілетін (рұқсат берілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізіміндегі жекелеген санаттарға қойылатын талаптар туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі - № 77 қаулысы) көзделген талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары;
2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 77 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;