Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2000 жылғы 31 мамыр № 3/2
(2017.17.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А.Н.Котловтың қатысуымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі 2000 жылғы 10 мамырдағы өтінішін қарап шықты.
Баяндамашылар - Конституциялық Кеңестің мүшелері А.Есенжанов пен В.Д.Шопиннің хабарын, өтініш субъектісі өкілінің сөйлеген сөзін тыңдап, осы өтініш бойынша қолда бар материалдармен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтініші келіп түсті.