«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 10 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2) және 32-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
«32-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізу;