«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 205 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 546 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 205 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
17) тармақшадағы «Нұр-Cұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
7-тармақтағы «Нұр-Cұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:
16-тармақтағы «Нұр-Cұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14-тармақтың 2) тармақшасында:
екінші абзацтағы «сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын» деген сөздер алып тасталсын;