Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI «Өскемен қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 тамыздағы № 47/3-VI шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 52/2-VI шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI «Өскемен қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-207 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қаланың 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2019 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 64 835 407,3 мың теңге:
салықтық түсімдер - 20 799 638,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 894 595,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 566 934,4 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 37 574 239,0 мың теңге;
2) шығындар - 66 608 391,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -300 000,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0,0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 300 000,0 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо - 140 763,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 145 986,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 5 223,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 613 746,7 мың теңге;