Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
4 қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кернеуі 35-500 киловольт қосалқы станциялардың жеке мұқтаждықтарына арналған электр энергиясы шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2021.27.12. берілген өзгерістермен)
1 бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кернеуі 35-500 киловольт кіші станциялардың жеке қажеттіліктеріне арналған электр энергиясы шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1)жеке мұқтаждықтарына арналған қосалқы станция - нақтылы уақыт мерзімінде бір қосалқы станцияның жабдықтың электр энергиясін тұтынуыдың есептік шамасы
2) қосалқы станцияның жеке қажеттіліктеріне электр энергиясы шығын мөлшері -нақтылы уақыт мерзімінде электр энергиясің тұтынудың жоспарлы көрсеткіші.
Аталмыш Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
2 бөлім. Қолданылу саласы
3. Электр қондырғыларын пайдалану процесінде электр желілерінде жеке қажеттілігіне электр энергияны тұтыну номраларының шегінде энергия шығындарын қолдау жүзеге асырылады.
4. Қосалқы станцияның жеке қажеттіліктері мөлшерін есептеудің мақсаты оны есептеу, бақылау және жоспарлау жүйесін ретке келтіру, сондай-ақ жеке қажеттелік электр қабылдағыштарының электр энергиясын үнемдеу режімін және электр энергиясын тиімді жұмсауды жүзеге асыру болып табылады.
5. Мөлшерлеудің негізі шығыс статиялары бойынша есептеу жолымен электр энергиясының мөлшерінің шығысын анықтауды қарастыратын болып есептеу-талдамалық әдіс алынған.