«Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 146 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесінде:
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Егер сарқынды сулардың соңғы су қабылдағышы ретінде тұйық типті жинақтауыш болған жағдайда, яғни суаруға арналған ашық су алу болмағанда немесе жинақтауыш сарқындарының бір бөлігінің төгінділерін өзендерге немесе басқа табиғат объектілеріне тастау жүзеге асырылмағанда, рұқсат етілген шоғырлануының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:
СЖБТ = С нақты, (18)
мұнда Снақты - тазарту құрылғыларынан кейінгі ластаушы заттардың нақты төгіндісі, мг/л.
Жинақтауыш мұндай жағдайда сарқынды сулардың жинақтауыш-буландырғышы ретінде пайдаланылады.