Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 490 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде алдағы жоспарланатын 3 (үш) жылға ауылдық округтер бөлінісінде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарының жобасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі - ЖАО ұйымдары) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелермен келісу бойынша жасайды, одан кейін ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін жинақтау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) жібереді.
ЖАО ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы жоспарланатын 3 (үш) жылға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларының жобаларын жасайды және ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі - ведомство) жібереді.»;