Осы редакция 2019 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен 18-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
18-қосымша
«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.24.05. № ҚР ДСМ-86 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген сәттен бастап - 1 жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың пакетін тапсыру үшін күтудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 5 минутқа дейін;
көрсетілген қызметті берушіге қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 1 жұмыс күн ішінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.