«Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 28 қыркүйектегі 2017 жылғы№ 1202 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 735 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15813 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысы:
22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің, атқарушы органы мен өзге де алқалы органдарының құрамына сайлана алмайды.