«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 394 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларында:
кіріспе мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушінің қолданыстағы карточкасы бар жартылай (тіркемелерді) қоспағанда, шетелдік азаматтарды қоса алғанда, жұмысқа орналастырылған жүргізушілердің саны автокөлік құралының санынан кем емес (қайталанбайтын). Бұл ретте, жеке кәсіпкерлер жүргізуші ретінде ескерілетін болады.»;
3-тармақ 3), 4) және 5) жаңа тармақшалармен толықтырылсын: