Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 15-НҚ нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) кейбір нормативтік қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген):
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сапа бақылауын:
1) аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінде - сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше;
2) аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінде - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелері, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше;
3) аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінде - сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
Сапа бақылауын осы мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сапа бақылауын, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшенің) жұмыскерлері ұсынылған материалдар бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін талдайды және оларға сараптама жүргізеді.»;