Осы редакция 2016 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.20.01 № 21 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
4-қосымша
«Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.20.01. берілген өзгерістермен )
1. Жалпы ережелер
1. «Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою;